Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Құқықтық сауаттылықты арттыру акциясы және өмірлік маңызды дағдыларды арттыру семинар-тренингі өтті
Жастар – еліміздің саралы жолын дамытудың болашағы. Қазіргі таңда жастар қоғамды дамытудың барлық саласында белсенділік танытуда. Соған қарамастан жастар арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы кездесіп отыр. Сандық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың жастық ерекшеліктеріне аса мән берілмейді. Бұл топтағы жастар отбасын құрып, мемлекетіміздің белсенді жасаушысы болмақ түгілі, өздерінің және өзгелердің өмірлеріне жауапсыз қарайтындығы анық. Батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр.
Іс-шарада Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карабеков Бауыржан: «Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып табылады. жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар қарастырылады. Психобелсенді заттарды қолдануға бейім балалар мен жасөспірімдерді анықтауға мүмкіндік беретін ең тиімді әдістемелер, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтіріледі», деп айтып өтті.