Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында “ALAÑ” бағдарламасы аясында жаңартылған футбол алаңдары бой көтерді, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі. Кең ауқымды жаңарту жұмыстары Б.Оңғаров атындағы стадионында (Жетісу облысы, Балпық би ауылы) және “Цементник” (Шымкент қ.) пен ЦСКА (Алматы қ.) стадиондарында жүргізілді. Осыған дейін, Ақтөбе қаласындағы №2 БЖСМ аумағында жаңа алаң пайдалануға берілген болатын.