Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкин Президентке алғысын білдірді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Танымал спортшы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын. Головкин алғыс сөзін және алдағы мақсаттары жайлы Instagram парақшасында жазды.
Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді, – деді Геннадий Головкин.