Түркістан облысы Кентау қаласының оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары 138 баллды жинаған сәті, оны жақындарына сүйіншілеген эмоциясы әлеуметтік желіде кең тарады.
Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже.
Қожанов Айдос Хайруллаұлы — 10 жыл бойы № 16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта жекеменшік мектепке ауысқан.
Айдос болашақта математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді.
Мектеп директоры “Жыл бойы мектептің байқау сынақтарында 1-орынды бермей келген оқушымыз” -, деп оқушысын мақтан етті.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға жалпы 27 340 оқушы өтінім білдірген