Синоптиктер 1 наурызда елдің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.