turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті

19 Қаңтар, 2024
in Экономика
0
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
0
SHARES
3
VIEWS

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда.

Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. 5%-дық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін, — деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Сондай-ақ жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді.

Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Алдыңғы пост

Қазақстан бірыңғай уақытқа көшеді

Келесі жаңалық

Канвон-2024: Қазақстан алғашқы алтынды жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі