Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды.
Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтуде. Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды, — делінген ведомство хабарламасында.