turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Мемлекет қайраткері Асқар Мусинов өмірден озды

10 Ақпан, 2024
in Қоғам
0
Мемлекет қайраткері Асқар Мусинов өмірден озды
0
SHARES
11
VIEWS

Мемлекет қайраткері, қазақтың көрнекті дипломаты, Төтенше және өкілетті елші Асқар Ахметұлы Мусинов өмірінің 63 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді дипломатиялық қызмет барысында ол Қазақстан Республикасының СІМ Орталық аппаратында және шет елдердегі мекемелерінде өзі жетекшілік ететін жұмыстың барлық бағыттарында Қазақстанның мүдделерін тамаша қорғап, алға қойылған міндеттерді кәсіби түрде шешуде қабілеті мен терең білімін көрсете білді. СІМ Жауапты хатшысы және Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде ол Таяу Шығыс және Африка құрлығы елдерімен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, консулдық қызмет пен мемлекеттік протоколды дамытуға зор үлес қосты.

Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті елші қызметін атқара жүріп, Қазақстан мүддесін кәсіби түрде ілгерілетіп, қорғады. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысының Ғылым және технология жөніндегі орынбасары және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры ретінде халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне адал қызмет етті.

Дипломатиялық ортада ол өз Отанының нағыз патриоты, жоғары деңгейдегі дипломат және араб бағытындағы қазақ дипломатия мектебінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал болды.

Алдыңғы пост

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі сезілді

Келесі жаңалық

Қазақстанда киіктерді атуға қайта тыйым салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі