Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров олигархтарды спорттан қуу керегін айтты, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Спорт процесінен олигархтардың барлық қолхатшыларын алып тастау керек. Құлыбаев бар, оның айналасындағы жүрген спортшылардың барлығы елдің спортына зиянын тигізіп жүр. Құзырлы министрліктердің спорттағы олигархтарды қуып жіберетін күш-жігері бола ма? Олигархтар мен оның туыстары, достары әртүрлі федерацияларды ашып, Қазақстан бюджетінің қаржысының тоз-тозын шығарды, — деді ол.
Депутат Қазақстан спорт саласы бойынша көрші Өзбекстаннан қалып қойғанын айтты.
Қазақстан спортқа 1 млрд доллар бөледі. Орталық Азиядағы басқа көршілеріміз ондай соманы түсінде де көрмеген. Бірақ олардың рейтингі жоғары. Осы қаржыны басқалар талан-таражға салып жатыр. Қазақстанның олимпиадалық спортына бюджеттен ашы бөлу керек. Ұлттық спортты дамытуға қаржы бөлу керек. Басқа федерациялар бюджеттен тыс істей берсін. Бірақ біздің мемлекетіміздің қаржысы жоғарғы жетістікке жететін олипиадалық спортты дамытуға кетуі керек. Аймақтағы азаматтар да осы мәселені айтып отыр, — деді Сайыров.
Аягөз Құрмаш