turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҰЛТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

8 Қыркүйек, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
164
VIEWS

Шымкент жастары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы Қазақстан» жобасын қолдайды. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі» жастарымен өткен кездесуде жобаның маңыздылығын жастарға түсіндірді. Кездесуге оқу ордасының 70-ке жуық студент-жастары қатысты.

Бүгінгі таңда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық насихаттық жұмыстарды кеңінен жүргізу, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттық отбасы институтын нығайту мәселесі өзекті. Басқосуда өзекті мәселелердің алдын алудың түйіні тарқатылып, жауапты мамандар өз ойларын ортаға салды. «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Байзахова Сабира Мұратқызы мен білікті психолог-тренер, коуч-практик, гештальт-терапевт Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Жалпы кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема екенін, ол өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келетінін жастарға тайға таңба басқандай етіп түсіндірді. Отан – отбасынан басталатынын ескере отырып, жанұядағы береке-бірліктің сақталуына, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға және ана мен бала құқықтарының қорғалуына күш салу қажеттігі, сонымен қатар, отбасында болған зорлық-зомбылыққа куә болған жағдайда қандай әрекеттер жасау қажеттігі айтылды.

Алдыңғы пост

Жастарға мол мүмкіндік сыйлаған Жолдау

Келесі жаңалық

Қайта келмес балалық шақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі