Республикадағы ағымдағы жағдайға орай су тасқынынан қолдау және көмек жинау үшін гуманитарлық көмек қабылдау штабы құрылды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Еріктілер гуманитарлық көмекті қораптар бойынша сұрыптауды және бөлуді жүргізді, осылайша 3 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, 31 наурызда Ақтоғай ауданына Жалаулы ауылына жіберілді.
8 сәуірден бастап Қостанай және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек көрсету үшін алым жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, — деді Павлодар облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ волонтерлік орталығының басшысы Айжан Қали .