Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024″спорттық шоуына қатысу үшін келген, — делінген хабарламада.
Көлікті мас күйде басқарған азамат жазаланды. Сот қаулысымен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.