Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-инистрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.