Келер аптада Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Байрақты бәсекеге біздің бұрымды гимнастшылар да қатысады. Әсіресе, Алина Әділханова мен Адиля Тілекеновадан күтер үміт мол. Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесінде жетінші орын алды. Біздің спортшы қашықтықты 27,39 секундта бағындырды. Ол алтынға қол жеткізген ресейлік Кирилл Стельниковтен жарты секундқа қалып қойды. Айта кетейік, ашық біріншілік Қазан қаласында өтіп жатыр. Бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде мәреге төртінші келген еді.