2022 жылғы 29-30 мамыр күндері Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастырумен өткен жалпы білім беру мекемелеріндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы 2 күндік семинар өткізілді.
Шараға қаламыздың жалпы білім беру мекемелерінің жалпы саны 250-ден астам «Зайырлылық және дінтану негіздері» пән мұғалімдері қатысып, білікті теолог және дінтанушы мамандардан дәріс алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы Мустафаев Бақытжан Нұрғазыұлы да өз білімімен бөлісті.