turanaqparat.kz
ҚАЗ ENG
  • Главные новости
    • Казахстан
    • В мире
  • Происшествия
  • Общество
  • Культура
  • Экономика
  • Спорт
  • Интервью
No Result
View All Result
  • Главные новости
    • Казахстан
    • В мире
  • Происшествия
  • Общество
  • Культура
  • Экономика
  • Спорт
  • Интервью
No Result
View All Result
turanaqparat.kz
No Result
View All Result
Главная Uncategorized

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ МЕН АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.07.2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
5
VIEWS

Бүгін Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының үшінші кезеңі аяқталды. Аталған нысанның техникалық пайдалануға беру шарасына қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Бахадыр Нарымбетов қатысты. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Жол картасы түзілгені баршаңызға мәлім. Бүгінде осы Жол картасындағы түрлі тармақтар бойынша ауқымды істер жүзеге асырылуда. Осы орайда
Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы 6 кезең бойынша жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңі, яғни, Түркістан көшесінен Тұрысов көшесінің қиылысына дейінгі бөлік өткен жылы ашылған. Терашкова көшесіне дейінгі аралықты алып жатқан екінші кезеңде қазір құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
–Үшінші кезең Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі 560 метр аралықты қамтиды. Мұнда ені 42 метрлік, 6 жолақты жол, аяқ жолдар мен теміржол өткелі салынды. Бір айта кетерлігі, бұл толығымен аяқталған құрылыс нысаны емес. Біз қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жолдың құрылысы аяқталған бөлігін уақытша ашып отырмыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мұнан бөлек қала әкімі Адырбеков көшесінің Жібек жолы көшесінен Ғ.Иляев көшесіне дейінгі бөлігінің де техникалық ашылуына да қатысты.
Шаһар басшысы Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылдың соңында толығымен аяқталатынын атап өтті. Өткен жылы бұл жолдың Рысқұлов-Жандосов көшелерінің арасындағы бөлігі пайдалануға берілген еді. Енді Жандосов көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықта жұмыс жүргізілуде. Жолдың енін 8 метрден 15 метрге дейін кеңейтіп, 4 жолақты етіп қайта құру үшін мемлекет мұқтаждығына 17 жер телімі қайтарып алынады.
Айта кетейік, Адырбеков көшесіннің жалпы ұзындығы 3,74 шақырымды құрайды. Қайта құру жұмыстары толығымен аяқталған соң бұл көшенің автокөлік өткізу қабілеті 2,4 есе артып, сағатына 56 мыңға дейін жетеді.

Предыдущие новости

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Cледующий новости

ШЫМКЕНТ: СЕНАТОРЛАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Апр    
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания и информационного агентства № выдано // // //г. Комитетом связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Телефон: +7 778 611 6713

Почта: info@turanaqparat.kz

Копирование, размещение в любых СМИ , в том числе и на интернет-сайтах или иное использование как в исходном виде, так и в виде фрагментов авторских фото, аудио и видеоматериалов Turanaqparat допускается только с письменного разрешения редакции.

Мы в социальных сетях

No Result
View All Result
  • Главные новости
    • Казахстан
    • В мире
  • Происшествия
  • Общество
  • Культура
  • Экономика
  • Спорт
  • Интервью

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі