Ата Заңның үштен біріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні, Кәсіпорындардың жұмыскерлері саяси науқан және оларға қай тұстарын түсіндіру керектігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Осы жұмыстарды түсіндіру мақсатында Шымкент қалалық қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев, қалалық Мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, штаб мүшесі Нүргүл Қобланова STANDART CEMENT зауытында болды.
Кәсіпорын ұжымы Мемлекет басшысының «Екінші Республика» идеясы аясында іске асырылып жатқан бұл реформа арқылы үлкен өзгерістер болатынына сенімді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу — уақыт талабы. Референдумда әркім өз пікірін білдіруге құқылы екенін штаб төрағасы жан-жақты түсіндірді.
Басқосуда Бахадыр Нарымбетов Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екеніне тоқталды. Сондай-ақ Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу еліміздің саяси дамуына маңызды қадам екендігі және жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтінін тілге тиек етті.
Референдум Бойынша Қоғамдық Штаб
#AMANAT
#SHYMKENT