Сессияға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кезектен тыс он сегізінші сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 1 мәселені талқылады.
Ол:
Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ғабит Мәуленқұлов баяндама жасады. Сессия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты. Сессия отырысында қаралған мәселе бірлескен тұрақты комиссия отырысында толыққанды зерделенген болатын. Сессияда Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы шешімі бір ауыздан қабылданды. Ал қаламыздағы бесінші ауданға атау беру бойынша мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі