Алматы облысында медицина саласының маманы грэпплинг спорт түрінен халықаралық турнирде топ жарды, деп жазды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы — зертханашы.
10 жылдан бері медицина саласында еңбек ететін Мақсатжан Нурайсановтың негізгі ммандығы-зертханашы. Ол Іле аудандық ауруханасында жұмыс істейді.
Зертхана ісін меңгерген маман, сезіг қырлы бір сырлы. Спортқа да жаны құмар. Мақсатжан Нурайсановтың жанына серік еткен спорт түрі-грэпплинг.
Ол осы уақыт аралығында аталмышг спорт түрінен біршама жетістіктерге жеткен. Мәселен, Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Бала кезінен спортпен айналысқан ол медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.