Ортсайлауком Парламент Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовті тіркеді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.
2024 жылғы 12 ақпанында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.А. Қошмамбетовті тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілсін. Айтуар Қошмамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін, — делінген Орталық сайлау комиссиясының ақпаратында.
Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.