turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Су министрлігі Азия даму банкімен бірге мұздықтардың еруіне қарсы күреспек

24 Маусым, 2025
in Басты жаңалық
0
Су министрлігі Азия даму банкімен бірге мұздықтардың еруіне қарсы күреспек

Су ресурстары және ирригация министрлігі

0
SHARES
2
VIEWS

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Геннадий Жуковпен кездесті.

Тараптар халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау жобаларына қатысу мүмкіндігін талқылады.

Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-ға әзірленіп жатқан жобалар тізімін ұсынды. Келесі айда халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары бұл жобаларды жан-жақты талқылау үшін Қазақстанға келеді.

Сондай-ақ министр АДБ өңірлік басшылығымен «Мұздықтардан фермаларға» халықаралық бағдарламасы шеңберінде мұздықтарды сақтау және олардың еруіне тұрақтылықты күшейту, соның ішінде ирригациялық желілерді жаңғырту жөніндегі шараларды көздейтін ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Біз ұзақмерзімді әрі екі тарапқа да тиімді ынтымақтастыққа үміт артамыз. Министрлік су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту жобаларын әзірлеп жатыр. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін біз халықаралық қаржы институттарын кеңінен тартып жатырмыз және Су саласын дамыту жөніндегі әріптестердің үйлестіру кеңесі аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алдыңғы пост

Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шілде 2025
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі