turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Су тасқыны: АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады

9 Сәуір, 2024
in Экономика
0
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
0
SHARES
6
VIEWS

ТЖ режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға осы жылдың II тоқсанында АӘК мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі АӘК алушы отбасыларға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009752 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК келесілерді көздейді:

— табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

— 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;

— жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және т.б.

2024 жылдың I тоқсанында 58,8 мың отбасы (312 мың адам) 7,8 млрд теңге сомасына АӘК алды.

Алдыңғы пост

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Келесі жаңалық

Қазақстан мен Макао АӘА визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі