turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Су тасқыны: Қырылған малдың өтемақысы қалай төленеді

10 Сәуір, 2024
in Қоғам
0
Су тасқыны: Қырылған малдың өтемақысы қалай төленеді

ТЖМ

0
SHARES
17
VIEWS

Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төленеді, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа айдалып шығарылды.

Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген мал жойылды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды.

Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек.

Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.

Алдыңғы пост

Павлодар өңірі Қостанай және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек көрсетпек

Келесі жаңалық

Декларацияны кім қалай тапсырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі