2022 жылдың 18 қазан күні сағат 16.00-де Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының арнайы кестесіне сай Арыс ауданы «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған пресс-тур аясында жас сарбаз сыныптары арасындағы әскери-патриоттық сайысы өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери өмірге дайындау, олардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Шара барысында жастармен жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтардың, бірлестік басшылары қазақ халқын ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы егемен елдің негізгі символы саналған Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталып, жастарға өз ризашылығын білдірді.
Республика күні мен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында өткен шараға 70-тен астам ауданның жігерлі жастары топ болып қатысып, әскери-патриоттық сайыста бақтарын сынады. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды — №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Арыс» әскери-патриоттық клубы иеленіп, ал 2 орынды — №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Барыс» әскери-патриоттық клубы, 3 орынды – С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Барлаушы» әскери-патриоттық клубы қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар, ал қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.
Өткен орны: Арыс ауданы «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы.
Қосымша ақпарат үшін: Р. Қонысбеков
Байланыс телефоны: +7 777 531 79 32