turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Тәулігіне 40 көлік шығаратын зауыт қалай жұмыс істейді

24 Қыркүйек, 2024
in Басты жаңалық
0
Тәулігіне 40 көлік шығаратын зауыт қалай жұмыс істейді
0
SHARES
32
VIEWS

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде редакция тілшісі әлемдегі ірі автомобиль кәсіпорындарының бірі GAC Motor компаниясының жергілікті бөлімшесіне барып, кәсіпорын жұмысымен танысып қайтты.

GAC Motor – бас кеңсесі Қытайдың Гуанчжоу қаласында орналасқан ірі автомобиль кәсіпорны. Ол 1997 жылы негізі қаланған GAC Group құрамына кіреді және әлемдегі ең мықты 500 компанияның бірі. Халықаралық нарықта GAC бренді 2013 жылдан бастап GAC Motor еншілес компаниясының бақылауымен дамып келеді. Қазір GAC Оңтүстік-Шығыс Азияда, Таяу Шығыста, Африкада, Шығыс Еуропада және Америкада орналасқан 30 ел мен аймақтарда ұсынылған.

Шыңжаң орталығы – Үрімшіде орналасқан филиал автокөліктерді құрастырумен, бөлшектерін өндірумен айналысады. Өндіріс орнының жалпы аумағы – 330 мың шаршы метр. Мұнда тәулігіне 40 автокөлік шығарылады. Зауытта көршілес елдердің, яғни Қазақстан мен Ресей нарығына арналған жеңіл автокөліктер, джип пен кроссоверлер құрастырылады. Цехтің жанында автокөліктерді тестілеуден өткізетін орын бар. Мұнда көліктің қауіпсіздігі, түрлі жағдайларға төзімділігі тексеріледі.

Көліктерді жасау кезінде автоматтандырылған жүйелер, пилотсыз роботтар қолданылады. Олар конфейерлердің жұмысын жеделдетеді. Сонымен қатар Шыңжандағы бөлімшенің әр қызметкері көлік жинайтын конвейердегі жұмысына кірісер алдында өнімнің сапасын арттырып, қателік жібермес үшін арнайы дайындықтан өтеді. Автокөлікті жасау кезінде экологиялық талаптар қатаң ескеріледі. Мәселен, бояу кезінде иісі аз материалдар қолданылады. Сол себепті цех ішінде бояудың иісі шықпайды, — дейді компания өкілі.

Сондай-ақ, Үрімшідегі зауытта жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері тәжірибе жинай алатын оқу орталығы бар. Бұл – GAC стратегиясының маңызды бөлігі. Осы арқылы компания автокөлік өнеркәсібіне білікті мамандарды даярлайды.

Ал Гуанчжоудағы автокөлікті дайындау институтында 8-10 мың қызметкер жұмыс істейді. Гуанчжоудан бөлек Еуропа елдерінде де көлік жасау институттары бар.

GAC шетелдік компаниялармен бірлесіп те түрлі брендтегі көліктерді жасайды. Мәселен жапониялық автокөлік өндірушілермен бірге GAC Honda мен GAC Toyota көліктерін нарыққа қосқан.

Компанияның GAC Trumpchi деп аталатын жаңа энергия көздерімен қозғалатын бренді өте танымал. Олардың қатарында заманауи нарыққа арналған электрокар мен гибридтер бар. Компания автокөлік өндірумен қатар, автобөлшектер шығаруды да жолға қойған. Сонымен қатар сақтандыру қызметтерін де ұсынамыз. 2023 жылы GAC компаниясының өндіріс көлемі – 2 529 000 автокөлік, ал сатылғандары саны 2, 5 млнға жетті. Қазір 2030 жылға мақсат қойып, өндіріс пен сауда көлемін жылына 4 750 000 дейін арттырсақ деп отырмыз, — деп түсіндірді компания ішін аралатқан қызметкер.

Компанияның негізгі өндіріс орны Қытайда орналасқан. Бұдан бөлек Нигерия мен Таиландта да зауыттары бар. Қазір Малайзияда автокөлік шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, былтыр маусым айының қорытындысы бойынша орташа көлемді JAC S7 кроссовері Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктердің тізімінде 8-орын иеленді.

Алдыңғы пост

50 этникалық қазақ білім алатын Шыңжаң Ислам институты

Келесі жаңалық

Аргентинада 16 мыңнан астам гектар өртеніп кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі