turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Zaimer.kz базасында деректері таралып кеткен 1500-ге жуық азаматтан шағым түскен

12 Наурыз, 2024
in Қоғам
0
Zaimer.kz базасында жеке деректері таралып кеткен азаматтар не істеуі керек
0
SHARES
19
VIEWS

ҚР ЦДИАӨМ-ге азаматтардан 1400-ден астам шағым түсті, деп хабарлайды Turanaqparat.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ 2024 жылғы 5 наурызда қазақстандықтардың, яғни zaimer.kz («Робокеш.кз» «МҚҰ» ЖШС) микроқаржы ұйымы клиенттерінің дербес деректерінің таралып кетуін анықтады. 2 миллионнан астам адамның жеке деректерінің құпиялылығы бұзылды.

Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн астам дерегі анықталды (РФ — 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru – 6.8 млн.); Филиппин – 5 млн (digido.ph); Вьетнам — 2 млн (vietloan.vn).

ҚР ЦДИАӨМ анықталған оқиғалар аясында және дербес деректерді қорғау саласындағы өз құзыреті шеңберінде жедел әрекет етті. Egov Mobile мобильді қосымшасын пайдалана отырып, азаматтарды хабардар ету және осы деректердің таралып кетуімен байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар беру жүргізілді.

7 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін ЦДИАӨМ-нің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардан 1400-ден астам шағым мен өтініш келіп түсті. Комитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес бұзушылық фактілері бойынша мұқият тексерулер жүргізеді. Бұзушылықтар расталған кезде, әкімшілік айыппұлдарды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарды көрсететін материалдар анықталған жағдайда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті оларды одан әрі тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне береді, — делінген хабарламада.

Деректердің таралып кетуінен материалдық залал фактілері кездескен жағдайда, азаматтар өз құқықтарын қорғау және келтірілген залалды өтеу үшін Ішкі істер министрлігіне немесе сотқа өз бетінше жүгіне алады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректері таралуы мүмкін барлық азаматтарды өздерінің құпия ақпараттарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға және құзыретті органдар ұсынған ұсыныстарды орындауға шақырады.

Алдыңғы пост

Оразада қалай дұрыс тамақтану керек

Келесі жаңалық

Қазақстан 2024 жылғы Ораза мерекесі кезінде БАӘ туристері барғысы келетін елдердің көшін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мамыр 2025
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі