«Жас Сарбаз» сыныптары арасында, биылғы атаулы «Балалар жылы» аясында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жас Сарбаз» сыныптары арасында «Жас Патриот-2022» I оқу-дала жаттығу әскери-патриоттық лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш бастау алған Лагерь түрінде басталған жиынға білім басқармасына қарасты он төрт «Жас Сарбаз» сыныбынан 100 оқушы қатысты.
Жас Сарбаздың жаңа оқу жылы алдындағы сақадай сай дайындығын пысықтап, жастардың патриоттық рухы мен жігерін арттыратын оқу — жиыны өткізілді.
Бұл далалық жиында арқаға жатып денені көтеру, АК — 74 автоматын шашып — жинау, кермеге тартылу, әскерилендірілген эстафета сынды төзімділік пен шапшандыққты талап ететін спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Сондай-ақ, жастардың есінде ұзақ сақталатын қызыққа толы ойындар пен ән — күй де алыс қалмады.Бұл алғаш рет ұйымдастырылған жобаның берері көп, пайдасы зор екені айқын. Оны балбұл жанған жүздер айтып тұрғандай.
Ертеңгі бәсекеге қабілетті Жас Сарбаз — кемел келешектің кілті. Ал бұндай өзекті жаттығу жиындар, сол кілттің берік іргетасы!