turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

2026 жылдан бастап жәрдемақылар мен зейнетақылар 10 пайызға өсті

5 Қаңтар, 2026
in Экономика
0
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
0
SHARES
16
VIEWS

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрінің мөлшері 10 пайызға ұлғайтылды. Бұл өсім ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды Turanaqparat.kz.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру шаралары іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғарысы 120 пайызына дейін жеткізілмек.

Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды. Бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы. Ал базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін өсіп, 60 005 теңгеге жетеді.

Мысал ретінде айтсақ, 2019 жылы зейнетке шыққан, қазіргі таңда 70 жастағы зейнеткер 2025 жылы бюджеттен жалпы 171 588 теңге зейнетақы алған. Оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге болған.

2026 жылғы 1 қаңтардағы өсімді ескергенде, бұл зейнеткердің жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды. Оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005 теңге, ынтымақты зейнетақы – 132 811 теңге. Айта кету керек, бұл сомаға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлемдер кірмейді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де өседі. Атап айтқанда:

  • 1, 2, 3 бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін,
  • 4 және одан да көп бала туған жағдайда 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін,
  • 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өседі;
  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін,
  • II топтағыларға – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін,
  • III топтағыларға – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін артады.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер де 10 пайызға көбейтілді. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша ретінде жүзеге асырылады.

Аталған төлемдердің мөлшері әр азамат үшін жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдар негізінде қалыптасқан орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициентіне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады.

Алдыңғы пост

Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы: біртұтас тағдыр қоғамдастығының жаңа беті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі