Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты.
Сот оны алаяқтық және ірі көлемде пара алу фактілері бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның Toyota автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Еске сала кетейік, ол биыл ақпан айында ұсталған болатын. ҰҚК мәліметінше, оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы (ірі көлемде алаяқтық) және 366-бабы (ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылған.
