Қазақстан Ұлттық банкі доллардың 6 сәуірге арналған ресми бағамын жариялады.
Қазақстанда доллар құны біртіндеп арзандап жатыр.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 462,78 теңге, ал сату бағамы – 465,39 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 463 теңгеден сатып алып, 470 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 464,43 теңге болса, сату бағамы 466,48 теңгені құрайды.
Ұлттық банктің ресми мәліметіне сәйкес, 6 сәуірге доллар бағамы 470,46 теңге болып белгіленген.
