Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, мемлекеттік бюджеттің мақсатсыз жұмсалуына қатысты есеп тыңдады.
Элимановтың мәліметінше, мал шаруашылығына бөлінген 30 млрд теңге субсидия мен ғылымға бөлінген 10 млрд теңге қаражат тиімді пайдаланылмаған. Сонымен қатар, 17 қаржы пирамидасы тоқтатылып, 3,7 мың алаяқтық сайт пен 22 топтық чат жабылды.
Қаржы мониторинг агенттігі қылмыстық табысты жылыстатумен де күрес жүргізіп, дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу, 68 мыңнан астам картаны бұғаттау және 23 жалған компания бойынша іс тіркелгенін хабарлады. Криптовалюта алаяқтыққа қатысқан 3 жасырын қызмет пен 483 сілтеме жойылды.
Элимановтың айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану және алаяқтықты азайтуға бағытталған.
