Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтетінін мәлімдеді.Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада ғалымдармен кездесу барысында айтты.
Президенттің айтуынша, ол ел үшін маңызды оқиғалар туралы алдын ала хабарлауды жөн санайды. Осыған байланысты Конституция күшіне енгеннен кейін бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылмақ.
«Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялар өз жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындалуы керек. Осылайша, сайлаушылармен жұмыс жүргізуге шамамен бес ай уақыт беріледі», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін ауқымды түрде жаңғыртуға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл реформалар саяси және экономикалық өзгерістермен қатар, қоғамдық сананың оң бағытта өзгеруіне ықпал етуі тиіс.
Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді