Қазақстандық палуан Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Бішкек қаласында өткен жарыста 76 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы үшінші орынға қол жеткізді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Оңтүстік Корея өкілі Хван Ын Джуны 5:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Гүлмарал Еркебаева – Ішкі істер министрлігіне қарасты Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы.
