turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Алматыда «Boxy Wealth» қаржы пирамидасы ісі сотқа жолданды: 110 млн теңгеден астам шығын келтірілген

13 Сәуір, 2026
in Экономика
0
Алматыда «Boxy Wealth» қаржы пирамидасы ісі сотқа жолданды: 110 млн теңгеден астам шығын келтірілген
0
SHARES
3
VIEWS

Алматы қаласында «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын ұйымдастыру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті бір жыл бойы интернет арқылы азаматтарды инвестициялық жобаға тартып, тәулігіне 5–10% көлемінде табыс табуға уәде берген. Жоба арнайы сайт пен мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Атап айтқанда, «Күнделікті табыс» чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар жайлы ақпарат жарияланып, кейін пайдаланушылар инвестициялық платформаға шақырылған.

Қатысу үшін азаматтарға түрлі пакеттерді сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе де болған.

Қаражаттар жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы қабылданып, кейін P2P операциялары арқылы криптовалютаға аударылған. Сенім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар компанияны тіркеп, кеңсе ашып, жарнама жүргізіп, жалған «табыс» көрсеткіштерін көрсеткен.

Нәтижесінде 78 адам қаржы пирамидасына 110 млн теңгеден астам қаражат салған. Күдікті қамауға алынып, сот санкциясымен оның жер учаскесіне тыйым салынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға кез келген инвестициялық жобаның заңдылығын мұқият тексеріп, қаражат салмас бұрын оның сенімділігіне көз жеткізуді ескертеді.

Алдыңғы пост

Қытайдың жаңа бағыты Қазақстан мен Орталық Азияға не береді?

Келесі жаңалық

Қарағандыда 4 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі