Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, апат 18 сәуір күні сағат 23:00 шамасында Жібек жолы көшесінде, «Алтай» көтерме-тарату орталығы ауданында болған.
«ЖКО салдарынан екі жүргізуші мен көліктердің біріндегі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Талдықорған маңында, Алматы – Өскемен тас жолында 11 адам зардап шеккен ірі жол апаты болғаны хабарланған.
