turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен шыққан: Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ұлысы жаһандық нарық қалыптастырғанын айтты

19 Мамыр, 2026
in Басты жаңалық
0
Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен шыққан: Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ұлысы жаһандық нарық қалыптастырғанын айтты

Фото: Ақорда

0
SHARES
9
VIEWS

«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың экономикалық және өркениеттік рөліне тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің атауы ұлыстың «данг» сөзінен шыққан.

Президенттің сөзінше, көптеген беделді ғалымдар Алтын Орданың ақша жүйесіне қатысты маңызды жаңалықтарды анықтап жатыр. Археологтар бұрын белгісіз болған ондаған тиын сарайын тапқан. Мамандардың мәліметінше, Алтын Орданың өрлеу кезеңінде шамамен 28 миллион күміс тиын соғылған. Қазіргі таңда сол дәуірге тиесілі тиындардың саны мемлекеттік және жеке қорларда бір миллионға жуықтайды.

«Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың “данг” сөзінен тамыр тартады. “Деньги” сөзінің түбірі де осы ұғымнан тараған болуы мүмкін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұны жай ғана тілдік ұқсастық емес, Алтын Орда дәуірінде кең байтақ аймақта дамыған ақша жүйесінің нақты дәлелі деп атады. Оның айтуынша, Алтын Орда Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын толық бақылауда ұстап, даланы қауіпсіз сауда және тасымал дәлізіне айналдырған.

Жошы ұлысының аумағы арқылы жыл сайын мыңдаған тонна тауар тасымалданған. Қытайдан жібек, Үндістаннан дәмдеуіштер, Ресей жерінен тері өнімдері, ал Еуропа мен Таяу және Орта Шығыс елдерінен қолөнер бұйымдары жеткізіліп отырған.

Президент Алтын Орда көптеген мемлекеттерден бұрын стратегиялық ашықтық қағидатын ұстанғанын айтты. Оның пікірінше, бұл қалалардың құрылымынан да байқалған.

«Ұлыс гүлденген кезеңде қалалар биік қамалдармен қоршалмай, адамдардың еркін қозғалысына және сауданың дамуына бейімделді. Бұл дала мен қала арасында үздіксіз қақтығыс болды деген пікірлерді жоққа шығарады. Керісінше, осы байланыстар орта ғасырдағы тиімді мемлекеттілік моделінің негізін қалады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алтын Орда дәуірінде қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін озық инженерлік тәсілдер қолданылған. Археологиялық қазбалар сол кезеңде өндіріс пен құрылыстың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Алтын Ордада жасалған кірпіштердің Ертіс пен Дунай аралығында кеңінен пайдаланылуы соның дәлелі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жошы ұлысында сауда мен кәсіп жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Оның сөзінше, дәл осының арқасында Жошы ұлысы алғашқылардың бірі болып жаһандық нарық қалыптастырып, бүкіл аймақтың дамуына ықпал еткен.

Президент Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағаламай, оның өркениеттік, экономикалық және рухани мұрасын жан-жақты зерттеу қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұл Орталық Еуразия халықтарының мемлекеттілік бастауларын, ортақ тарихы мен бірегейлігін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Құстармен 300-ге жуық соқтығыс: әуежай маңындағы қоқыс полигондары ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр

Келесі жаңалық

Тоқаев бірқатар мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі