turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

Құстармен 300-ге жуық соқтығыс: әуежай маңындағы қоқыс полигондары ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр

19 Мамыр, 2026
in Uncategorized
0
Құстармен 300-ге жуық соқтығыс: әуежай маңындағы қоқыс полигондары ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр

Фото: Азаттық рухы

0
SHARES
10
VIEWS

Қазақстан әуежайларының маңында орналасқан қоқыс полигондары ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Тек 2025 жылдың өзінде елде әуе кемелерінің құстармен соқтығысуының шамамен 300 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Майкл Дэниел мәлімдеді.

Оның айтуынша, Атырау, Семей, Өскемен, Көкшетау, Балқаш және Үржар әуежайларының маңындағы қоқыс полигондары құстардың көп шоғырлануына себеп болып, әуе кемелерімен соқтығысу қаупін арттыруда. Бұл жағдай авиакомпаниялардың жұмысына да кері әсерін тигізіп отыр.

«2025 жылы құстармен соқтығысудың 280 жағдайы тіркелсе, биылғы жылдың бірінші тоқсанында тағы 33 жағдай анықталды», – деді Майкл Дэниел Үкімет отырысында.

Авиациялық әкімшілік әсіресе Атырау әуежайының маңындағы жағдайға алаңдаулы. Сонымен қатар, әуежайлар төңірегіндегі ретсіз құрылыс мәселесі де өзекті болып отыр.

Мәселен, Алматы әуежайының маңындағы аумақта 160-қа жуық кедергі анықталса, Шымкент әуежайы маңында 150-ден астам нысан тіркелген.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәселені шешу үшін әуежай маңындағы аумақтарды аймақтарға бөлу схемаларын әзірлеп, жергілікті әкімдіктерге жолдаған. Алайда бұл схемалар көп жағдайда елді мекендердің бас жоспарларына енгізілмеген. Соның салдарынан әуежайлар маңында жаңа нысандар мен кедергілердің пайда болуы жалғасып жатыр.

Майкл Дэниелдің сөзінше, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуежайлардың тұрақты дамуын сақтау үшін жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту қажет.

Алдыңғы пост

Бір аптада 41 мың түлек ҰБТ тапсырды

Келесі жаңалық

Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен шыққан: Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ұлысы жаһандық нарық қалыптастырғанын айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі