turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінде су есебін автоматтандыру жоспарының жобасын әзірлейді

7 Тамыз, 2026
in Экономика
0
Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінде су есебін автоматтандыру жоспарының жобасын әзірлейді

Фото: gov.kz

0
SHARES
6
VIEWS

Түркістан қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 94-отырысы өтті.

Тараптар 2026 жылғы вегетация кезеңіне арналған Сырдария және Әмудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының жұмыс режимдері мен су бөлу лимиттерін қарады. Сонымен қатар Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды. Отырысқа қатысушылар құжатты әзірлеуді мақұлдады. Биылғы қыркүйекке дейін осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құру жоспарланып отыр.

Су шаруашылығы ведомстволарының басшылары Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Орталық Азия елдерінің су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өңірлік ынтымақтастыққа арналған гранттық жобаның (CAWEC) іске асырылу барысын да қарастырды. Сондай-ақ күн тәртібінде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңестерінің шешімдерінен туындайтын міндеттердің орындалуы талқыланды.

 «Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы көп жыл бойы Орталық Азиядағы су шаруашылығы саласындағы шешімдерді келісуге арналған негізгі кәсіби алаң болып келеді. Дәл осы жерде Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндерінің трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқарудың тиімді тәсілдері әзірленіп, өңір мемлекеттерінің мүдделер теңгерімі мен алдағы кезеңдегі су пайдаланудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, МСШҮК-ның үйлесімді жұмысының арқасында биыл Шардара су қоймасына тұрақты су келуі қамтамасыз етілді. 2026 жылғы 1 сәуірден бері су қоймасына шамамен 3 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылдың және көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары. Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су келуі жалғасады деп күтіліп отыр. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін су штаттық режимде беріліп жатыр.

Орталық Азия Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі, 95-отырысы Түрікменстанда өтеді.

 

Алдыңғы пост

Қостанайда заңсыз несие беріп, 1 млрд теңге тапқан тұрғын сотталды

Келесі жаңалық

Астанада Қытайдың партиялық құрылыс тәжірибесі мен оның әлем үшін маңызы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі