Алматы облысы Абай ауылында картон зауыты аумағындағы қойма ангарынан өрт шықты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ашық жалын тіркелгенін анықтады. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары дәрежелі шақырту бойынша жүргізілді.
Ведомство мәліметінше, өрт орнында су үздіксіз беріліп, бірнеше өрт сөндіру оқпандары қолданылған.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, ғимарат ішінде адамдар болмаған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды.
Дина Қуанышева
