turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

23 Қазан, 2026
in Экономика
0
Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Qazstat

0
SHARES
2
VIEWS

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 20 048,8 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды. Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға, ал базарларда сауда жасайтындарды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артты.

Бөлшек сауданың тауарлық құрылымында азық-түлік тауарларын өткізу қарқыны жоғары болды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға өсті.

Өңірлер бөлінісінде бөлшек сауданың өңірлік құрылымында ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесіл, жалпы сауда көлеміндегі үлесі 32,8%-ды құрады. Одан кейін Астана қаласы (14,2%), Қарағанды облысы (7%) және Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) орналасқан.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 40 707,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Олардың үлесі 80%-ды құрады.

Көтерме сауданың жалпы көлемінде ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі (35,1%). Одан кейін Астана қаласы (14,5%), Атырау облысы (13,5%) және Шымкент қаласы (6,3%) орналасқан.

Алдыңғы пост

Республика күні: Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қараша 2026
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі