turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстанда Халықаралық жайылымдар жылы аясында «Дала күні» өтеді

13 Шілде, 2026
in Экономика
0
Қазақстанда Халықаралық жайылымдар жылы аясында «Дала күні» өтеді
0
SHARES
26
VIEWS

Астана, 2026 жылғы шілде – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2026 жылды Халықаралық жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығы жылы деп жариялады. Бұл бастама жайылымдардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, ауылдық аумақтарды дамытудағы, биоалуантүрлілікті сақтаудағы және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі стратегиялық маңызын халықаралық деңгейде мойындауды көздейді. Жер шарының жартысынан астамын алып жатқан жайылымдық алқаптар миллиардтаған адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көміртекті сіңіруге және экожүйені сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін жайылымдар – ұлттық табиғи капиталдың маңызды бөлігі. Алтай мен Атырау, Сарыарқа мен Алатау аралығында созылып жатқан 200 миллион гектардан астам жайылымдық жер еліміздің мал шаруашылығының негізгі жемшөп көзі болып табылады. Олар:

  • Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына;

  • Азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға;

  • Өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға;

  • Ауылда тұратын 7 миллионнан астам халықтың әл-ауқатын жақсартуға тікелей ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар Жаһандық экологиялық қордың (GEF-7) қолдауымен және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ұйытқы болуымен «Агроорман мелиорациясы арқылы Қазақстанның жайылымдық жерлерінің климаттық тұрақтылығын қамтамасыз ету» жобасы аясында іске асырылуда. Жобаның операциялық серіктесі – Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы.

Қазіргі уақытта пилоттық аймақтарда жайылымдарды тұрақты басқару, тозған жерлерді қалпына келтіру және табиғи экожүйелердің өнімділігін жақсарту бойынша практикалық шаралар жүргізілуде. Жоба қамтитын аймақтар:

  1. Ақтөбе облысы: Әйтеке би және Мұғалжар аудандары;

  2. Алматы облысы: Балқаш және Іле аудандарында.

2026 жылғы 13–16 шілде аралығында ФАО, Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы және пилоттық өңірлердің фермерлері бірлесіп «Дала күнін» өткізеді.

Іс-шара барысында таныстырылатын негізгі бағыттар:

  • Жайылымдарды кешенді және тұрақты басқарудың тиімді модельдері;

  • Деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтірудің заманауи технологиялары;

  • Жайылымдардың көміртекті сіңіру (карбонизациялау) әлеуетін арттыру тәжірибесі;

  • ҚР «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес пайдалану жоспарларын әзірлеудің практикалық тетіктері.

Сонымен қатар, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты жанынан құрылған Жайылым пайдаланушылардың мобильді мектебінде «Қазақстан жайылымдарын карбонизациялаудың басым бағыттары» тақырыбында арнайы дәріс ұйымдастырылады.

Ауқымды іс-шараға ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және агроорман мелиорациясы салаларына жауапты мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімдіктердің өкілдері, фермерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтар, әйелдер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысады.

«Дала күні» озық тәжірибе алмасуға және Қазақстандағы жайылым экожүйелерінің климаттық өзгерістерге тұрақтылығын арттыруға септігін тигізбек.

Алдыңғы пост

Еш өкініш жоқ: Криштиану Роналду Әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

ОСК «Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі