Аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті шетел азаматы 10 жылдан астам уақыттан кейін Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Германиядағы елшілігінің қолдауымен халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні елге жеткізді.
Тергеу мәліметінше, ол 2014 жылы сыбайластарымен алдын ала келісіп, компьютерлік техниканы жеткізуге көмектесемін деген желеумен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ долларын алдап иемденген.
Қылмыстан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде Германияда ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
