turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Бейжіңде қазақстандық реформалар мен екіжақты ынтымақтастық перспективалары таныстырылды

24 Сәуір, 2026
in Мәдениет
0
Бейжіңде қазақстандық реформалар мен екіжақты ынтымақтастық перспективалары таныстырылды

Фото: gov.kz

0
SHARES
3
VIEWS

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтың Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті.

Іс-шараның барысында Елші қытайлық журналисттерді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кешенді саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар барысымен, соның ішінде республикалық ре      ферендум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституциямен таныстырды.

Қазақстандық дипломат жоғары және үкіметтік деңгейлердегі саяси диалогтың оң қарқынын, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы белсенді байланыстарды атап өтті.

Сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші екіжақты сауданың тұрақты өсімін, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен логистикалық өзара байланыстың кеңеюін атап өтті.

Елші Қазақстанда БҰҰ аясында «Өңірлік Экологиялық Саммит 2026: Тұрақты болашаққа арналған ортақ көзқарас» тақырыбында Саммиттің өткізілетіні туралы хабардар етіп, оның экологиялық сын-қатерлерді шешу бойынша бірлескен тәсілдерді қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

БАҚ өкілдері Мемлекет басшысының БҰҰ аясында Су ресурстары саласындағы қолданыстағы халықаралық тетіктерді шоғырландыруға және осы саладағы жаһандық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған Халықаралық су ұйымын құру бастамасымен таныстырылды.

Ш.Нұрышев екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілету туралы айтып, оның ішінде ҚР-ҚХР Тоғыспалы мәдениет жылын өзара өткізу, білім беру және туристік алмасуларды дамыту, сондай-ақ Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығының қызметі мен бірлескен білім беру жобаларын атап өтті.

Баспасөз брифингіне «Жэньминь жибао», «China Daily», «Global Times», «Beijing Daily» газеттерінің, «Chinanews» және «Beijing News» ақпараттық агенттіктерінің, «CGTN» және «Феникс ТВ» телеарналарының, сондай-ақ бірқатар интернет-порталдар сияқты Қытайдың жетекші БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Алдыңғы пост

Иранның экс-тақ мұрагері Реза Пехлевиге Берлинде шабуыл жасалды

Келесі жаңалық

«Бұл бізге үлкен сабақ болды»: Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі