26 наурызда Тяньцзинь теміржол транзиттік тобы Астана жеңіл теміржолының төртінші топ басқару мамандары мен тыңдаушыларының оқу бітіру салтанатын өткізді.
«Жэньминь жибао» газетінің ақпаратынша, 20 маманның екі айға созылған тәжірибелік оқуы табысты аяқталды. Бұл оқудан кейін Астана жеңіл теміржолының бірінші кезең құрылысы бойынша мамандарды даярлау міндеті толық орындалды.
Төртінші топ басқару мамандарының ұжым жетекшісі Ерік Досмұхамедұлы өз әсерімен бөлісті:
«Қазір біз жұмысқа кірісуге дайынбыз. Алдағы уақытта алған білімімізді Астана ЛРТ-сының жұмысын жүргізуде қолданып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеміз», – деді ол.
Тяньцзинь теміржол транзиттік тобының тәжірибелік оқуы ел ішінде және шетелде 10 топты қамтып, 300-ден астам Астана ЛРТ мамандарына кәсіби даярлық қызметін ұсынған. Мамандар қазір Астана ЛРТ-ын пайдалануға дайындық жұмыстарына кезең-кезеңмен араласуда.
