turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Қос мәдениетті жалғаған көпір: Қазақстандық жастың Қытайдағы жолы

30 Тамыз, 2025
in Басты жаңалық, Қоғам
0
Қос мәдениетті жалғаған көпір: Қазақстандық жастың Қытайдағы жолы

кейіпкердің жеке мұрағаты

0
SHARES
81
VIEWS

China Daily басылымының «WHY CHINA» бағдарламасына берген сұхбатында қазақстандық жас маман Ботакөз Елшібек (қытайша есімі – Йе Шэнли) Қытайдағы студенттік күндерінен бастап, Орталық Азия мен Қытай арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы қызметіне дейінгі өмір жолын бөлісті. Оның оқиғасы – жеке табыстың ғана емес, Орталық Азия мен Қытай арасындағы серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын көрсететін маңызды мысал.

Шамамен жеті-сегіз жыл бұрын Қытайға тіл үйренуге барған Ботакөзді бастапқыда қытай тілі мен мәдениеті қызықтырған. Гуйчжоу провинциясында білім алып жүрген кезінде «жеңіс жапырағы» деген мағына беретін қытайша есімін алып, қытай халқының тұрмыс-салтымен етене таныса бастайды. Ащы Гуйчжоу тағамдары, жатақханада достарымен бірге тұшпара жасау, каллиграфиямен айналысу секілді сәттер арқылы ол Қытайдың шыншыл, жылы шырайлы және ізгі ниетті келбетін танығанын айтады.

кейіпкердің жеке мұрағаты

Бакалавр дәрежесін аяқтаған соң Ботакөз еріктілікпен және экономикалық ынтымақтастықты дамытумен белсенді айналыса бастады. Ол Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысып, қытайлық кәсіпкерлердің Орталық Азия ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген жоғары қызығушылығын байқаған. Қазір ол China-Eurasian Business Council құрамында жұмыс істейді. Бұл кеңесте Ботакөз іс-шараларды ұйымдастырып, халықаралық қонақтарды қарсы алып, Орталық Азия жастары үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға атсалысып келеді.

Жуырда Астанада өткен Қытай–Орталық Азия өнеркәсіпшілер комитетінің екінші отырысында Ботакөз ұйымдастырушылық жұмыстарға белсенді араласты. Мәдениетаралық байланысты үйлестіру, қонақтарды қарсы алу арқылы ол кәсіби шеберлігін ғана емес, өңір жастарының атынан өкілдік ету миссиясын да атқарды. Ботакөз бұл рөлін – Орталық Азияның жаңа буын мамандарының өңірлік ынтымақтастыққа белсене араласуына ықпал ететін маңызды мүмкіндік деп санайды.

кейіпкердің жеке мұрағаты

Ботакөздің айтуынша, кәсіби қалыптасуына екі ел ұсынған кең ауқымды мүмкіндіктер үлкен әсер еткен.

«Қытайдың жаһандану үдерісіндегі рөлі тек ауқымымен емес, даму қарқыны, тұрақтылығы және ашықтығымен де ерекшеленеді. Қытай Орталық Азия елдерімен ортақ дамуға деген шынайы ниетін нақты істерімен дәлелдеп отыр», – деді ол сұхбатында.

Ботакөз сіңілісі Томириспен бірге Қытай қоғамына Қазақстанды таныту мақсатында «Qazaqland» атты жобаны қолға алды. Бұл бастама ұлттық тағамдар, мәдени шаралар мен халық арасындағы тікелей диалог арқылы еліміздің бейнесін насихаттауға бағытталған. Жоба дәстүрлі дипломатиядан тыс, халықтық арналар арқылы екі ел арасындағы сенімді нығайтуды көздейді.

Ботакөздің өмір жолы – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың тереңдеу үдерісінде жастардың маңызды рөл атқарып отырғанының дәлелі. Олар тіл үйреніп, мәдени тәжірибе жинап, экономикалық әріптестікке белсенді араласу арқылы екіжақты қарым-қатынастың қозғаушы күшіне айналып келеді.

«Мен Қытайды таңдадым және бұл таңдауыммен мақтанамын. Бұл менің өмірімді өзгертті, әрі өзгелердің армандарын іске асыруға көмектесуге жол ашты», – деп түйіндеді Ботакөз.

Алдыңғы пост

Трамп Зеленскиймен жеке кездеспек

Келесі жаңалық

Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі