turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Қосшы қаласында «ReStart» жобасы аясында ауқымды экологиялық сенбілік өтті

5 Мамыр, 2026
in Басты жаңалық
0
Қосшы қаласында «ReStart» жобасы аясында ауқымды экологиялық сенбілік өтті
0
SHARES
17
VIEWS

Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы Сарқырама өзені жағалауында студенттер мен эко-еріктілердің қатысуымен ірі экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік «ReStart» республикалық жастар жобасы аясында өткізілді. Жоба Қазақстанның 10 өңірін қамтып, студент жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды бөлек жинауды дамытуға және қайта өңдеу мәдениетін ілгерілетуге бағытталған.

Аталған сенбілікке «Жасыл экономика үшін және G-Global-ды дамыту» коалициясы» ЗТБ, CCİ Kazakhstan өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының 6 жетекші жоғары оқу орнының кураторлары мен студенттері қатысты. Олардың қатарында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана медицина университеті, Астана халықаралық университеті, Тұран-Астана университеті, Есіл университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бар.

Іс-шараны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің амбассадоры, БҰҰ-ның 4 ТДМ көшбасшысы Мариям Касымова ашты. Ол қатысушыларды қарсы алып, сенбіліктің мақсаттары мен қалдықтарды бөлек жинаудың маңызын түсіндірді.

Құттықтау сөз барысында Қосшы қаласы әкімдігі ТҮКШ бөлімінің басшысы Асқар Балтабайұлы және «ReStart» жобасының жетекшісі, «Жасыл экономика үшін» коалициясының Басқарма төрайымы Алия Рахимбекова сөз сөйледі. Олар жобаның маңызын атап өтіп, әр жиналған пластик көлемінің экология үшін үлкен мәні бар екенін жеткізді.

Бағдарлама аясында қатысушыларға экотренер тарапынан қысқаша практикалық тренинг өткізілді. Онда Zero Waste қағидаттары, пластикті дұрыс сұрыптау ережелері, жиі жіберілетін қателіктер және сенбілік кезіндегі экологиялық тәртіп түсіндірілді.

Сенбілік соңында жиналған пластик өлшеніп, алдын ала нәтижелер жарияланды. Сондай-ақ ЖОО-лар арасындағы экологиялық жарыстағы үлестер де есепке алынды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 28 сәуірден бері 10 өңірде өткен сенбіліктерге 600-ден астам адам қатысып, 4 500 келіге жуық пластик жиналып, қайта өңдеуге жіберілген. Қорытынды сенбіліктен кейін бұл көрсеткіш одан әрі артады деп күтілуде.

“ReStart” жобасы – Қазақстандағы студент жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған ең ірі экоплатформалардың бірі.

Дина Қуанышева 

 

 

 

 

 

Алдыңғы пост

Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді – Тоқаев

Келесі жаңалық

Роман Склярді Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шілде 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі