turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таным

Зейнеткерлердің арт-терапия үйірмелері – шығармашылық пен рухани жаңғыру ордасы

9 Сәуір, 2026
in Таным
0
Зейнеткерлердің арт-терапия үйірмелері – шығармашылық пен рухани жаңғыру ордасы
0
SHARES
5
VIEWS

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында арт-терапия бағытындағы үйірмелер қарқынды дамып, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне кең мүмкіндік беруде. Бүгінде орталықтың барлық аудандық бөлімдерінде әлеуметтік-еңбек бағытында 500-ге жуық зейнеткер білім алса, оның ішінде 50-ге жуығы ағаш өңдеу үйірмесіне тұрақты қатысады.

Орталықтағы ең белсенді қатысушылардың басым бөлігі – әйел зейнеткерлер. Олар қолөнерге ерекше қызығушылық танытып, арт-терапия, сурет салу, кескіндеме, «Тігін әліппесі», «Құм терапиясы», ағаш шеберлігі, «Егде жастағы киім үлгісі», «Кілем тоқу», пэчворк және «Шеберлер» клубы сияқты түрлі бағыттағы үйірмелерге белсене қатысып жүр.

2024 жылдан бастап Байқоңыр ауданында «80+ Әжелер» клубы жұмыс істейді. Бұл клуб зейнеткерлерге ерекше орта қалыптастырып, олардың өмірлік тәжірибесімен бөлісуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына жол ашты. Қатысушылар аптасына бір рет жиналып, ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдарын дайындайды. Олар шапан, кимешек, қамзол, сөмке, белдемше, сәнді орамал, құрақ жастық пен панно секілді бұйымдарды өз қолдарымен жасап, оны жастарға үйретуде.

Сонымен қатар, осы ауданда арт-терапия үйірмесінің жетекшісі Альфия Чернятевичтің бастамасымен зейнеткерлер киім пішу мен тігу өнерін меңгеріп, ұлттық киім үлгілерін насихаттап келеді. Олар дефиле көрсетілімдерін ұйымдастырып, «80+ Sheber Shop» әлеуметтік жобасы аясында өз бұйымдарын көрмелер мен қалалық жәрмеңкелерде ұсынып, табыс табуға мүмкіндік алуда.

Ал Сарыарқа ауданында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ісмер әжелер мектеп оқушылары мен студенттерге шеберлік сабақтарын өткізуде. 30-дан астам кездесу барысында олар тігін өнерінің қыр-сырын үйретіп, әсіресе 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында сұранысқа ие кәсіптерді насихаттауға үлес қосты. Бұл сабақтар жастарға кәсіби бағдар беруде маңызды рөл атқаруда.

2025 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданындағы филиалда ағаш өңдеу үйірмесі де жұмысын бастады. Үйірмені тәжірибелі ұста Шахмұрат Абдығалықов жүргізеді. Қатысушылар мұнда табақ, ожау, кесе, қасық, домбыра, қобыз, сазсырнай секілді ұлттық бұйымдарды жасауды үйренуде. Ағашпен жұмыс істеу зейнеткерлер үшін тек қолөнер емес, сонымен қатар демалыс пен көңіл-күйді көтерудің тиімді тәсіліне айналған.

Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі, ал барлық үйірмелерге қатысу зейнеткерлер үшін тегін. Бұл бастамалар аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға зор үлес қосып отыр.

Жалпы, қолөнермен айналысу егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы. Ол тек уақыт өткізудің бір жолы ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және өмірге деген қызығушылығына оң әсер етеді.

Алдыңғы пост

Биыл Қазақстанда әскери парад өткізілмейді — ресми ақпарат

Келесі жаңалық

КНДР жаңа қаруларын сынақтан өткізді: электромагниттік жүйелер мен тактикалық баллистикалық ракета

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі