turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын өтеп, бостандыққа шықты

2 Сәуір, 2026
in Спорт, Қоғам
0
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын өтеп, бостандыққа шықты

Фото: скриншот

0
SHARES
6
VIEWS

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Ресми мәліметке сәйкес, сот үкімімен тағайындалған жаза толық орындалғаннан кейін ол колониядан босатылған. Құзырлы орган өкілдері босату рәсімі заң талаптарына сай жүргізілгенін атап өтті.

Еске салайық, Нұрасыл Болат бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сотталған еді. 2024 жылғы 9 қазанда сот оны кінәлі деп танып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Кейін Жоғарғы Сот істі қайта қарап, үкімді өзгертіп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған және өтемақы мөлшерін ұлғайтқан.

Алайда 2024 жылдың қазан айында сот залында қамауға алынып, жазасын нақты өтеуге жіберілген. Нәтижесінде ол 1 жыл 5 ай 10 күн жазасын өтеп шықты.

Айта кетейік, іс барысында Нұрасыл Болаттың пробациялық бақылау кезінде қалада жүрген видеосы тарап, қоғамда қызу талқылауға себеп болған. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ішкі тексеріс жүргізген.

Оқиға 2024 жылдың ақпан айында Алматы қаласында болған. Түнгі уақытта сауда орталықтарының бірінің маңындағы автотұрақта әскери қызметкердің белгілі адвокатқа қол көтеруі қоғам назарын аударған еді.

Қоғамдық резонансқа қарамастан, құқық қорғау органдары істің заң аясында қаралып, сот үкімінің толық орындалғанын мәлімдеді.

Алдыңғы пост

Лос-Анджелес–2028: әйелдер санатына жаңа талаптар енгізіледі

Келесі жаңалық

Тоқаев ғылым мен жоғары білімді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі