turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау күшейтіледі

Мәжіліс депутаттар бастамашы болған еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

8 Сәуір, 2026
in Басты жаңалық
0
Алимент бойынша қарызды қалай өндіріп алуға болады

pixabay.com

0
SHARES
6
VIEWS

Түзетулер қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге және еңбек қатынастарының жекелеген рәсімдерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, еңбек саласында ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау нормалары бекітіледі. Уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңімен немесе әлеуметтік демалыспен сәйкес келген жағдайда соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібі нақты белгіленеді.

Сонымен қатар жұмыс берушінің еңбек жағдайлары өзгергені туралы қызметкерді жазбаша хабардар ету міндеті енгізіледі. Сондай-ақ құжат қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібін реттейді. Бұл ретте материалдық жауапты тұлғалар үшін еңбек қатынастарының тоқтатылу күні, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдап-тапсыруды аяқтау шарттары айқындалады.

Түзетулердің жеке блогы әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау функциялары әкімдіктерге жүктеледі.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік салаларында біліктілікті тұрақты арттыру міндеті енгізіледі. Сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтары бекітіледі.

Құжатты қарау барысында депутаттар қосымша түзетулер ұсынды. Оған сәйкес, медициналық ұйымдар қызметкерлердің тіркелген жері бойынша оларды цифрлық технологиялар арқылы скринингтік тексерулерден өту қажеттігі туралы хабардар етуге және осындай тексерулерден өтуге жататын тұлғалар туралы мәліметтерді жұмыс берушілерге жолдауға міндеттеледі. Ал жұмыс берушілер қызметкерлерді скринингтен өтуге жіберуді қамтамасыз етуге тиіс.

Алдыңғы пост

Алматы маңында мопед жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Келесі жаңалық

Биыл Қазақстанда әскери парад өткізілмейді — ресми ақпарат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі