Фото: үкімет
Астана қаласына Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев келіп жетті.
Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысының ұшағы елорда әуежайына қонған.
Айта кетейік, бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Маңызды жиынға қатысу үшін бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян да елордаға келген болатын.
Қазіргі уақытта шетелдік делегациялар Тәуелсіздік сарайына жиналып жатыр. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.
